Мектепте жоғары сынып оқушылары ұлдарды зорлайтын болған. Түркістан облысы Сарыағаш ауданынан жалғызбасты ана ұлын жоғары сынып оқушылары зорлады деп талай жәбірленген еді. Айтуынша, 13 жастағы баланы ағайынды екі жігіт бір жыл бойы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Құқық қорғау органына cан мәрте арыз жазған ана шарасыз күйде.
Бұл туралы "Пендеміз ғой" бағдарламасында айтылды.
Осыдан екі жыл бұрын Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылының тұрғыны 13 жастағы ұлына мектеп интернат қабырғасында ағайынды екі бала бір жыл бойы білгенін істеп келді деген ақпарат шықты. Сұмдық оқиғаны білгеннен кейін зәбір көрген баланың анасы полицияға шағым түсірген.
Күдіктілердің ата-анасы мен мектеп басшылығы ақша ұсынып, істі жабуға тырысқан көрінеді. Ал аймақ полицейлері тергеу амалдарының жүріп жатқанын айтты. Аталған іс аудандық сотта бірнеше рет қаралып, алқабилердің шешімімен 2019 жылдың 19 маусымында күдіктілер кінәсіз деп танылған.
"Ұлым маған айтқан жоқ. Үлкен дәретін ұстай алмайтын болды. Қайта-қайта шалбарын жуып жүрдім. Дәрігерге қаратып едім, іші ауырады деп дәрі жазып берді. Не болып жатқанын түсінбедік. Кейіннен қатарластары оны үлкен балалар зорлады деп айтты. Содан бастап іс ашыла бастады. Мен полицияға жүгіндім. Зорлаған ағайынды балалар. Оның біреуі кінәсін мойындады. Ата-аналары, мектеп директоры маған 3 млн теңге ұсынып, істі осылай жылы жаба салайық деді. Мен келіспедім. Маған баланың денсаулығы маңызды. Баламның тағдырын құртып отыр. Маған ақша керек емес. Кінәлілер жазасын алсын. Алқабилердің шешімімен кінәлілер ақталып отыр. Мен бұған келіспеймін", - деді баланың анасы Сәуле.
Заңгер Марат Ашимов бұл істі Бас прокуратура бақылауға алу керек дейді.
"Оңтүстік өңірде бармақ басты, көз қысты мәселелері көп. Пара алу көп. Соттың өзі солай шешіледі. Сондықтан Бас прокуратура істі назарға алу керек. Бұндай істер қоғам алдында талқылану керек. Кінәлілерді ешбір дәлелсіз ақтай салу дұрыс емес. Бас прокуратура осындай істерде үнсіз қалады. Бағдарламаға келмейді. Ешнәрсе уәде бермейді. Арыз жазғандардың ісін қайта өз аймағына облысқа жібереді", - деді заңгер.
Баланың өзі тұйықталып, өткені туралы айтудан қашады.
"Мен Қайрат Нұртастың әндерін жақсы көрем. Бос уақытымда ән тыңдаймын, ән айтқанды жақсы көремін", - деді ол.
"Баламды мектепте "тесік" деп мазақтайды екен. Балам намыстанып сабаққа бармайды. Басқа ауылға ауысырдық. Соның өзінде барғысы келмейді. Ешкіммен араласқысы келмейді. Мінезі тұйықталып кетті. Денсаулығы да дұрыс болмай қалды. Мұндай азғындықты бала түгілі үлкен адамдар да көтере алиайды", - деп жылады анасы.
Сәуле ханым аймақтан үміті үзілген соң бас прокуратураға арыз жазған. Президент әкімшілігіне жүгінген. Екі жыл бойы бір нәтижеге жете алмағанын айтып күйінеді.
Психолог Ержан Мырзабаев баламен көп жұмыс істеу керек екенін айтты. Егер кінәлілер жазасыз қалса, бұл балаға екі есе соққы болады деген пікірде.
"Бала жасөспірім шағында соққы алды. Егер анасы ақшаны ала салып, істі жаба салса немесе кінәлілер жазасыз қалса, бұл екі есе соққы болады. Өзі зорлық көрген бала ертеңгі күні өзі қылмыскерге айналады. Өштеседі, кекенеді, ауытқулар болады. Балаға әсіресе ер психологтің көмегі керек", - деді ол.
Бағдарлама бұл істі назарға алып, кейіпкерге әлеуметтік қолдау көрсетуге уәде етті.