$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайлық тұрған әйелі мен балаларын азаптап өлтірмек болған

Балаларды да «Сендерді тәрбиелегенше, өлтіріп, түрмеде отырғаным артық» деп қоқаң-лоқы көрсетеді.

Қостанайдың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында әйелі Гүлнарды өлтірмек болған Валеев Ахатқа сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, ол ұзақ уақыт әйелін қорлап келіп, пышақпен денесін тілгілеген деп хабарлайды kznews сайты.

Судья Метаев Жолдыбай оны 8,5 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтейді.

Жантүршігерлік оқиғаны Facebook желісінде Немолчиkz қоры бөлісті.

Гүлнәр үнемі қол көтеріп, кемсітіп келген күйеуімен ажыраспақ болған кезде екіншісі өзіне қол салады. Әйел екі кішкене қызымен бірге кетіп қалып, бір айдай байланысқа шықпайды.

Әрі қарай оқиға күтпеген жолмен өрбиді. Бірінші күйеуінің туыстары одан өз отбасынан шыққан ер адамға тұрмысқа шығуын сұрайды. 

Дәлірек – марқұм күйеуінің туған ағасына. Ол топтық зорлауға қатысқаны үшін істі болып, сол кезде ғана түрмеден шыққан. Қайын жұрты келіспеген жағдайда балаларды ұрлап кететінін немесе сот арқылы тартып алатынын айтып қорқытқан. Өз отбасынан демеу көрмеген әйелдің келіспеске амалы қалмайды.

2005 жылы олардың ортақ ұлы дүниеге келеді. Кішкене балаларымен үйден қашқан Гүлнарды екінші күйеуі «бірінші сені, екінші өзімді өлтіремін» деп қорқытады. Балаларды да «Сендерді тәрбиелегенше, өлтіріп, түрмеде отырғаным артық» деп қоқаң-лоқы көрсетеді.

Сот 2020 жылы 12 қарашада өтті. Қор белсенділері үкіммен келіспейді. Айтуларынша, ол тым жеңіл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары