Американың Иллинойс штатындағы әйел 62 жасында өз туған қызының көмегімен жүкті болды, деп хабарлайды Stan.kz.
62 жастағы Кэти Блаттнер және оның екінші күйеуі Джон Блаттнер екеуі 40-қа келгенде отбасын құрған. Бала көтеру үшін экстракорпоральды ұрықтандыру жолын (ЭКО) қолданды. Алғашқы рет жұмыртқа доноры Кэтидің немере ағасы болды.
Бірнеше жылдан кейін ерлі-зайыпты тағы балалы болғысы келіп, қайтадан ЭКО қолданды. Бұл жолы донор Кэтидің бірінші некеден туылған қызы болды.
Қазір Кэти мен Джонның бірінші ұлы 12 жаста, ал екіншісі екі жаста. Олардың үшінші баласы 2021 жылдың сәуірінде дүниеге келеді деп күтілуде. Оның биологиялық анасы қайтадан бірінші некеден туылған қызы болады.