$ 498.34  519.72  4.85

Мақтаралдық диқандар биыл өнімсіз қалуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтарал ауданының диқандары биыл өнімсіз қаламыз ба деп уайымдап отыр. Өйткені, ағынды судың бағасы суару науқаны бастала салысымен шарықтап кетеді екен. Бұл туралы 31-арна тілшілері хабарлады.

Белгіленген құнынан бірнеше есе артық бағаны ұстанып отырған су таратушыларға билік тарапынан сан мәрте ескерту жасалынған. Алайда нәтиже жоқ. «Құзырлы мекемедегілер қимылсыз отыр», - дейді шағымданушы топ.

Ынтымақ ауылында мақта еккен шаруалар су беруші «ДарияСу» басшысы Ермахан Үсіпбеков мырза бір гектер мақталыққа тиесілі 1024 теңге орнына қара халықтан 2 500-ден 3 000 теңгеге дейін ақша алатынын айтады. Сөздерінше, «белгіленген бағада беруге тиіс» деген ақ жағалылардың сөзіне су қожайыны құлақ аспайтын көрінеді. Су нарқына қатысты әкімдік өткізген төртінші жиналысқа да Үсіпбеков келмеді дейді олар.

Билік дихандардың су нарқына қатысты шағымын бұған дейін де көтергенін растады. Дихандарға ағын су берушімен шартқа отырған абзал дейді. Ашынған көпшілікке «су қожайындары белгіленген бағада ғана суды босатуы тиіс» дегеннен артық жұбату айтпады. Ал, билікке мұңын жеткізуге келгендер болса, су қожайындары келісім-шарт жасаспай отырғанын, тіпті су төлеміне түбіртек бермейтінін де айтады.

Ауыл әкімдігі арнаны ретке келтіріп, халыққа суды талапқа сай бере алмай отырған ағын су қойжайындарына қатысты аудан әкімдігінен бөлек облыстық су арнасына, антимонополия департаментіне де хат жолдапты. Каналдың мемлекет меншілігіне өткені дұрыс деп отыр. Ұсынысты Су пайдаланушы қауымдастық өкілдері де қолдаған көрінеді.

ДҮЙСЕН ӘБДІРАЙЫМОВ, Мақтарал ауданы, Ынтымақ ауыл әкімінің орынбасары:

- Мемлекет меншігінде болғаны жақсы, өйткені, мұның бүгінгі таңда базасы жоқ, оны тазалай салатын, қол күші жоқ. Қаражаты да жоқ шығар. Болмаса, неге тазаламайды.

Жұрт сотқа да шағым түсірген. Алайда, қолдарында келісім-шарты жоқ дихандар оң нәтижеге қол жеткізе алмапты. Ағын судың мемлекет меншігіне өткізілуін талап еткен шағымданушылар жергілікті биліктен тиісті нәтиже болмаса, онда жоғары жаққа шағымданамыз деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары