Атышулы Қуат Хамитов "болжам жасағыш" Үкімет басындағыларға өткір сұрақ қойды. Ол мәселен, коронавирустың өршуі жайлы пікір білдіргендерге: "алдағы 5 жылға болжам жасаңдаршы!" деп отыр. Бұл жайлы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мен біздің Үкіметке таңғаламын. Егер осындай болжағыш болсаңдар, қазіргі індеттің нәтижесін, статистиканы білсеңдер, онда мейірімділік танытып, алдағы 5 жылда не болатынын болжаңдаршы, өтінемін!
Мен халқымның арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! 20 жылдан кейін емес, бүгін, қазір... . Біздің олардан қай жеріміз кем? Оның үстіне, оларға қарағанда біздің мұнайымыз да, алтынымыз да, газ, уранымыз да т.б. байлығымыз көп. Соған қарамастан, біз Африкадағыдай өмір сүрудеміз. Құрметті болжаушылар бұған не дейсіздер!?
Қарапайым халықты, әрқайсысының мамандығы бойынша жұмыспен қамтуды қашан бастаймыз? Қашан біздің балаларымыз үйде тегін білім алады? Қашан аға-көкелеріміз мен олардың балалары шетелде емделуді, босануды қойып, біздің ауруханаларға барады?", - деді.
Тағы оқи отырыңыз: Алматыда Қуат Хамитовқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Желідегі парақшасына ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың суретін қойып, оның айтқанына шамданған спортшы, елдегі жұмыссыздық мәселесін алған тартты.
"Құрметті, болжаушылар, сіздер неге осындай жағдайларды айтпайсыздар? Сіздер ақымақтар, "карантиндеріңізбен" өз халқыңызды, олардың бизнесін өлтіріп жатсыздар! Онсызда адамдардың 80% жұмыссыз. Қазақстанның 3 қаласынан басқа барлық жерінде жұмыссыздық. Олар әлі күнге дейін ескі қалаларда өмір сүруде. Ол жақта әлі де XVI ғасыр секілді. Бірақ, сіздер не ет, не балық емес, тек қара құлқын ойлайтын "талантсыз жағымпаздарды" (түпнұсқада - бездарных жопализов) депутаттық қызметке алуды жалғастырудасыздар.
Қашан батыл әрі шынайы тәуелсіз ел боласыздар! Халықты ойлайтын кез келді!", - деп көпшілікті елең еткізді.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейік Алексей Цойдың «Наурыз айынының соңында індетті жұқтыру деңгейі көп тіркелуі мүмкін» болжамы жайлы ақпарат жариялағанбыз. Айтпақшы, жақында Қуат Хамитов Боратты ұстаған адамға 1 млн доллар сыйақы беретінін айтқан еді.