$ 494.87  520.65  4.91

Астанада сығымдалған газ бағасы күрт қымбаттап кетті

Астанада сығымдалған табиғи газдың 1 литрі 43 теңгеден 50 теңгеге дейін бір-ақ қымбаттады. Көгілдір отынның құнын аяқасты көтерген Gas Energy жанармай құю бекеттерінің желісі деп жазады Tengrinews.kz.

Аталған компания бас директорының орынбасары Болат Балахметовтың айтуынша, компания мұндай қадамға мәжбүрлі түрде барған. Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі сығымдалған газдың көтерме саудасына шектік баға бекіткен болатын. Мәселен, 2015 жылдың ақпан айында оның 1 тоннасы 11 033 теңгені құраса (литріне 6 теңге), 2016 жылдың 25 шілдесінде бұл көрсеткіш 23 106 теңгеге дейін өсті (литріне 12,25 теңге).

"26 шілдеден бастап зауыттардың барлығы бағаны көтерді. Осы өзгеріске байланысты біз де тиісінше бөлшектік саудадағы газ бағасын өсіріп отырмыз. Бұған дейінгі сатып алған газдың қоры мол болғандықтан бүгінге дейін қымбатттатпаған едік. Алайда, ол қор бүгінге дейін таусылып, біз өнімді жаңа бағамен сатып алып жатырмыз", - дейді Балахметов.

Оның айтуынша, сығымдалған газ бағасы тек Астанада ғана емес, еліміздің барлық өңірінде қымбаттайды. Бірақ, жетіспеушілік проблемасы орын алмауы тиіс дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары