Әлеумет 28.07.2016 сағат 05:14

Яндекс.Такси қызметі Қазақстанға жетті

Алматыда Яндекс.Такси қызметі жұмысын бастады. Ол диспетчерге бірде-бір қоңырау шалмай бос көлікті жылдам табуға мүмкіндік береді. Сервиске қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кіруге мүмкіндік бар. Тапсырысты мобильді қосымшадан немесе taxi.yandex.kz cайтынан беруге болады. Яндекс.Таксиді іске қосу «Алматы Дамыту Орталығы» АҚ құрылымдық бөлімшесінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сервиске Алматының 9 таксопаркінен 150 автокөлік қосылған. Ақылды жүйе шұғыл тапсырыстарды клиентке жақын орналасқан көліктерге жеткізуімен ерекше. Таксидің келу уақыты 5-10 минутты құрайды. Ал, көліктің жақындауын карта арқылы қадағалап отыруға болады.

Жүргізушінің телефонын және көлік нөмерін сервис смс-хабарлама арқылы жолдайды.

Таксилер әзірге тек қолма-қол ақша төлеу арқылы есептеседі. Жолдың алғашқы екі шақырымы 100 теңгені құрайды, одан әрі — әрбір шақырым үшін — 50 теңге. Таяу арада пайдаланушыларға банк картасы және сол арқылы төлеу қолжетімді болады.

«Біз Алматыда ең жылдам, әрі қолжетімді ресми такси шығаруды қалаймыз, — дейді Яндекс.Такси бас директоры Тигран Худавердян. — Біздің технологиялар осыған мүмкіндік береді. Тапсырыстардың оңтайлы бөлінуі машинаның келу уақытын және жүргізушілердің тұрып қалуын төмендетуге көмегін тигізеді. Бұл, өз кезегінде, сапарлардың өзіндік құнын азайтады. Біз сондай-ақ, көрсетілетін қызметтер сапасын мұқият қадағалаймыз, сондықтан бізде жүргізушілердің жұмысына және көліктердің жай-күйіне жоғары талаптар қойылады, — дейді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар