$ 448.89  477.93  4.76

«Қайын атадан қойын атаға» туралы көрсетілмеген дерек қаншама!» - Дина Төлепберген

"Қайын атадан қойын атаға" тақырыбындағы бағдарлама аясында дау-дамай басылар емес...
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркістандық қайын ата мен келіннің оқиғасы көптің қызу талқысына түсті. Халық келінді, оған келіні ретінде қарай алмаған қайын атаны кінәлап жатыр. Тіпті бұл мәселені қоғамға жария еткен бағдарлама қызметкерлеріне айып тақты. Оқиғаға қатысты журналист Дина Төлепберген пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz. 

"Жалпақ жұрттың жағасын ұстатқан қайын ата мен келіннің былығы бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Үш күннен бері редакциямызға толассыз хаттар мен сансыз қоңыраулар түсіп жатыр. Бірі туған перзентінің төсегін былғап, келінін арбаған атаны кінәласа, енді бірі шала шалды азғырған арсыз келіннің кесірі дейді. Туыстық қатынастан басталып, жыныстық қатынысқа ұласқан қойын атаның тірлігі немен бітеді? Рүстемнің кенже баласы өзінің туған әкесінен болуы мүмкін бе? ДНК сараптамасы не дейді? Шырмауықша шиеленген мәселенің нүктесін қоятын сәт жетті", - деп жазды Дина Төлепберген.

Сондай-ақ, жоғарыдағы жазбасынан кейін ДНК сараптамасының қорытындысын жариялады. Жазбаға сүйенсек, Әсияның екі ұлы да өзінің күйеуі Рүстемнен болып шықты. 

"Рухани орда" деген аты бар Түркістанның бұл тұрғындарына рухани көмек керек.  Бұл тақырып жайлы менің білетінім де, айтарым да көп. Көрсетілген һәм көрсетілмеген деректер қаншама. Бірақ бұл - бөлек әңгіме. Әзірге мынаны естен шығармайық: Қайын ата келініне қабақ шытпайтын. Келіні тіпті атасының көзіне тік қарамайтын. Енесі жаңа түскен келінге тәлім беріп, жолдасы жарына қолғабыс болатын", - дейді журналист. 

Сөз соңында танымал тележүргізуші туыстық қарым-қатынасты бұзбау керегін жазды. Алайда журналистің өзін парақшасында кінәлап, осы оқиғаға қатысты біршама негатив пікірлер жазылды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары