Әлеумет 26.02.2021 сағат 10:20

Зират басынан қорқынышты сурет табылды

Суретті әжесінің зиратын тазалауға барған Алматы тұрғыны тауып алған.
Зират басынан қорқынышты сурет табылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желіде Алматы маңындағы зираттан табылған екі жастың суреті қызу талқыға түсті, деп хабарлады paryz.kz

Жастардың суретіне бірнеше жерден ине қадалған. Сурет Facebook-тегі "Елден хабар" парақшасында жарияланған. Желі қолданушыларының пайымынша, бұл - қарғыстың бір түрі.

Суретті әжесінің зиратын тазалауға барған Алматы тұрғыны тауып алған. Ол суретті Алматыдағы Әйгерім-1 шағын ауданында орналасқан зират аумағынан көргенін айтады.

"Демалыс күні әжеміздің зиратының маңын жинастыруға барғанда осы суретті тауып алдық. Суретті парақшаларыңызда жариялап, көрсетулеріңізді сұраймыз. Бәлкім бұл жастар ауырып жатқан шығар, мүмкін олардың өміріне қауіп төніп тұрған шығар. Оларды жамандықтан қорғайық. Адамдар сондай қатыгез, жауыз болып кеткен, ештеңеден қорықпайды. Зират Әйгерім-1 шағын ауданында, Боралдай тас жолының бойында орналасқан" деп жазған автор.

Желіде тараған суреттегі екі адамның әзірге кімдер екені белгісіз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар