$ 443.35  475.54  4.82

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» оңтүстікқазақстандықтар үшін мыңнан астам пәтер салады

Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшылары үшін мыңнан астам пәтер салынады. Бұл өңір және банк басшылығы арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге аспақ. Тұрғын үй құрылысына ұлттық қордан қаражат бөлініп те қойған деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Осылайша ынтымақтастықты ресми түрде бекітіп, облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен «Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ басқарма басшысы Айбатыр Жұмағұлов меморондумға қол қойды.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында орнаған ынтымақтастық нәтижесінде мыңнан астам салымшы пәтермен қамтылады. Несиелік үй құрлысына жергілікті атқарушы органдар желісімен ұлттық қордан 4,4 млрд теңге бөлінген.

Бұл қаражатқа 11 үй салынатын болды. Банк салымшыларына баспаналардың 1 шаршы метрі 140 мың теңгемен тапсырылады. Ал «Бәйтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша жалпы аумағы 25 мың шаршы метрден асатын 432 пәтерлі үй бой көтереді. Оның шаршы метрі 180 мың теңгеге бағаланып отыр.

Банк бүгінде «Шымкент-сити» жобасын жүзеге асыруға да қызығушылық танытып отыр. Бүгінде бұл ауқымды құрылыстың салынатын аумағы да айқын. Қазір салаға жауаптылар барлық қажетті инженерлік коммуникациялар жүйесін қарастырып жатыр.

Айта кетейік, банк өңірде 2005 жылдан бері 3 мыңнан астам пәтерлі 126 тұрғын үйді пайдалануға берген. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай жас отбасыларға арналған 216 пәтерлі 2 үйді жалға береді. Бүгінде облыста банктің 40 мыңға жуық салымшысы бар. Жинақтарының жалпы сомасы 20 млрд теңгеге жуықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары