$ 444.14  477.05  4.85

Биыл ОҚО-да 4 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды

Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Жастар практикасын» ұйымдастыруға 1361 жұмыс берушiмен келiсiмшарт түзiлiп, нәтижесiнде 4069 жас маман жұмыспен қамтылған. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi басқарманың жастармен және жастардың қоғамдық бiрлестiктерiмен жұмыс жөнiндегi бөлiмiнiң басшысы Мұхтар Сейтжапбаров мәлiмдедi.

– Елiмiзде жастардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында түрлi мемлекеттiк бағдарламалар жүзеге асырылуда. Олардың бiрi – 2011 жылдан бастау алған «Жастар практикасы» бағдарламасы. Бүгiнде облыста аталған бағдарлама бойынша 24 775 жас еңбекке тартылып, оның 10 мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасқан, – дедi ол.

Мұхтар Сейдахметұлының айтуынша, тәуелсiздiк алған уақыттан берi облыс жастарының саны 200 мыңға артқан. Яғни, 1991 жылы өңiрде 14-29 жас аралығындағы жастар саны 502 мыңға жуықтаса, биыл бұл цифр 767 963-тi құрап отыр. Бұл елiмiздегi бiрқатар облыс тұрғындарының жалпы санымен салыстырғанда әлдеқайда артық.

Сонымен қатар, өңiрдiң әрбiр аудан, қаласында «Студенттiк құрылыс жасақтары» мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыс iстеуде. Ресми мәлiметке сүйенсек, бүгiнге дейiн студенттiк құрылыс жасақтарына 500 бiлiмгер қабылданып, «Жасыл ел» еңбек жасағында 686 студент маусымдық шаруалармен айналысуда.

Басқосуда «Болашақ», «Дипломмен – ауылға», «Серпiн–2050» бағдарламалары аясында атқарылған жұмыстар барысы таныстырылды. Мамандардың айтуынша, өткен жылы «Серпiн–2050» бағдарламасына мемлекеттен қаралған 5 мың гранттың 2580-iн Оңтүстiктiң жастары иеленген. «Ал, биыл мемлекеттен бөлiнген 3162 гранттың 2 мыңға жуығына өңiр жастары оқиды деген үмiтiмiз бар» дейдi М.Сейтжапбаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары