$ 441.66  475.14  4.86

Биыл Сарыағашта жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы №130 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Дастан елдімекеніндегі оқу орнының құрылысымен танысқан облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мердігер компанияға жаңа оқу жылында ешқандай проблемасыз оқушыларды қабылдау керектігін тапсырды.

Аталған нысанды «Лидер-НК» ЖШС жүргiзуде. Заманауи бiлiм ошағын салуға Ұлттық қордан 1,6 млрд. теңге бөлiнген. 2015 жылы маусым айында басталған құрылыс жұмыстары биылғы тамыз айында аяқталады деп күтiлуде. Яғни, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарасңында аталған білім ордасы пайдалануға беріледі.

Облыс әкiмi ауданға жасаған жұмыс сапары кезiнде «Рамадан» каналының күрделi жөндеу жұмысымен танысты. Айта кету керек, бұл канал алғаш рет 1909 жылы пайдалануға берiлген. Содан берi жөндеу жұмысын көрмеген нысанның жалпы ұзындығы 19 шақырым.

Маңызды арна Сарыағаш ауданының 2500 гектарға жуық суармалы жерiн тiршiлiк көзiмен қамтамасыз етедi. Қайта қалпына келтiру үшiн облыс қазынасынан 900 млн. теңге қаралған.

Бұл қаржыға 2015 жылы 12,6 шақырымы жөнделсе, биыл 6,3 шақырымы бетондалып жүйелендi.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан өңiр басшысы жергiлiктi әкiмдiк пен мердiгерге құрылыстың сапалы болуын және каналдың айналасын тиiстi деңгейде абаттандыруды тапсырды.

Айта кетейік, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 25 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары