$ 443.37  474.49  4.83

Мемлекет пен жекеменшік бірігіп, Шымкентте шағын аудан салып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы сапармен келіп, бірқатар құрылыс нысандарын аралаған Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман Шымкентте салынып жатқан жаңа шағын ауданның құрылысымен танысып қайтты.

Құрылысшылар 495 пәтерлі алғашқы 5 үйді алдағы қарашада тапсыруды көздеп отыр. Жұмыс алаңында 500-ге тарта жергілікті тұрғын еңбек етуде. Құрылыс материалдары да оңтүстікқазақстандық. Бұл жерде жалпы аумағы 98 мың шаршы метрден асатын 1 мың 112 пәтер салу жоспарда бар.

Жаңа шағын ауданда болған Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерманның айтуынша, жұмыс кестеге сай әрі сапалы атқарылып жатыр. Айта кетейік, ол Оңтүстік Қазақстан облысына 10 күндік жұмыс сапары аясында аялдаған. Оның барысында алда әлі шаруалармен, әскерилермен және шекарашылармен кездесуді жоспарлап қойған.

Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мега шаһардың үлкен жобаларын көріп жатырмыз. Мінекей, 500 пәтерлік үлкен тұрғын үй кешені, аурухананың құрылысы, жаңа мектептің құрылыстарын көріп жатырмыз. Бұл анық, ашық бір нәрсені ғана көрсетіп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының үлкен патенциалы бар екенін біз көріп жатырмыз.

Айта кетейік, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам нысан пайдалануға беріледі. Олардың басым бөлігі білім беру ғимараттары. "25 жылға - 25 мектеп" жобасы да осы 100 нысанға кіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары