Елімізде ең алғашқылардың бірі болып мұғалімдердің де ковидке қарсы екпе салдырып жатқаны мәлім. Бүкіл ұстазымызға түгелдей екпе егілмесе де, бүгінге дейін вакцина салдырғаны аз емес. Алайда соған қарамастан, соңғы уақытта мұғалімдердің қазасы туралы ақпарат көбейіп жатқан көрінеді. Әлеуметтік желі парақшасында осы мәселеге қатысты Алматы облысының мұғалімі Айман Сағидулла бүгін дабыл қағып, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке мектептерді жабуды сұрап жазба қалдырды деп жазды Oinet.kz
- Дабыл!!! Мұғалімдердің арасынан өлім көбейіп жатыр. Кеше ғана бір мұғалім өмірден өтті. Иманды болсын! Асхат мырза! Мектептерді шұғыл жабу керек. Оқушылар мен мұғалімдердің амандығы керек. Еліміздегі барлық мектептерді. Халық аман болсын! - деп жазды Facebook қолданушысы.