$ 443.85  474.3  4.8

Марқұмдардың құлпытастағы суреттерін бояп, мазақ еткендер кімдер?

Мұндай жантүршігерлік жағдайды  қорымның директоры Қадырхан Абдуллаев байқап қалған.
фото: oinet.kz
фото: oinet.kz

Тараз қаласы маңындағы «Тектұрмас» қорымына жерлерген марқұмдардың құлпытастағы  суреттерін белгісіз біреулер  бояп кеткен. Ондағы бас-аяғы 12 мола суреті зақымданып отыр деп жазды Oinet.kz   

Мұндай жантүршігерлік жағдайды  қорымның директоры Қадырхан Абдуллаев байқап қалған. – Бұл теріс ағымдағы азаматтардың тірлігі сияқты. Себебі дәл осындай жағдай бірер жыл бұрын Шымкент қаласындағы қорымда да болған. Онда теріс ағымдағы  мола қарауылы  осылайша өзінің діни көзқарасын көрсеткен болатын. Біз марқұмдардың суретіне жағылған бояулардың барлығын кетірдік. Бірақ бұны былай қалдыруға болмайды. Облыстық полиция департаментіне шағым түсірдік. Тез арада вандализммен айналысқандарды тауып, жазасын беру қажет, – дейді Қ.Абдуллаев.

Облыстық Полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов бұл мәселені жіті бақылауына алғанын айтып отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары