$ 498.34  519.72  4.85

Оралдағы ауруханадан шығып жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 27 сәуір күні сағат 12.13-те Деповская көшесінде белгісіз адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түскен.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Оралда ауруханадан шығып, жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 27 сәуір күні сағат 12.13-те Деповская көшесінде белгісіз адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түскен.

«Оның 1 сәуір күні ауруханадан шығып, із-түзсіз кеткен 1955 жылғы ер адамның мүрдесі екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ауруханадан шығып кеткен 65 жастағы ер адамның таптырмай жатырғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары