$ 444.22  476.38  4.82

Көгершіндермен ойнап жүрген бала жүк тиегіштің астына түсіп, көз жұмды

Жүргізуші оқиғаның қалай орын алғанын білмейтінін айтады.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Бүгін, 29 сәуір күні Алматыдағы 28-панфиловшылар саябағында қайғылы жағдай орын алды. Кішкентай бала жүк тиегіштің астына түсіп, көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Аталған факті Медеу ауданы полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Абайсызда кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Өкінішке орай, үш жасар бала алған жарақаттар ауыр болып, ол көз жұмды. Арнайы техниканың рөлінде 1970 жылы туған азамат У. отырған. Тергеу басталды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Zakon.kz басылымының мәліметінше, қайғылы жағдай шіркеудің жанында болған. Ол жерде аумақты абаттандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан. Балақай көгершіндермен ойнап жүрген екен, ал жүк тиегіш жанармай құю бекетінен жұмыс орына қарай бара жатқан.

Жүргізуші оқиғаның қалай орын алғанын білмейтінін айтады. Ол баланы байқамапты. Бүлдіршін дәрігерлер келгенше көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары