$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде өзен трамвайлары жүретін болды

Алғашқы рейс бүгін сағат 12:00-де жүрді. Трамвайлар әрі қарай жүруге дайын.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

 Бүгіннен бастап Өскемен қаласындағы Ертіс өзені бойымен трамвайлар жүре бастады, деп хабарлайды baq.kz Алтайньюске сілтеме жасап.

«Қарлығаш», «Жұлдыз» және «Шағала» деп аталатын трамвайларға биыл «Комета» трамвайы қосылды. Сонымен Ертіс өзені бойымен 4 трамвай жүретін болды.
Өткен жылғы бағалар осы жылдың 20 мамырына дейін жарамды. Кейін жанармай қымбаттауына байланысты баға көтерілуі мүмкін, –деп жазды трамвай иелері әлеуметтік желідегі парақшаларында.

Алғашқы рейс бүгін сағат 12:00-де жүрді. Трамвайлар әрі қарай жүруге дайын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары