$ 443.35  475.54  4.82

«Мұздатқыштан баланың денесін тапқан»: күдіктіге қатысты шешім шықты

Сот қылмыстық істі тоқтатып, айыпталушыны мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.
Фото: Sputnik.kz
Фото: Sputnik.kz

Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты өз ұлын тоңазытқышқа салып өлтірген әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сараптама қорытындысына сәйкес, 27 жастағы әйел созылмалы психикалық ауруға шалдыққан. Ол қылмыс жасаған кезде параноидты шизофренияның әсерінде болған.   

"Күдікті жасаған әрекеті қауіпті екенін сезбеген. Сот алдында жауап бере алмайды. Сол себепті мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеу сияқты медициналық сипаттағы шараны қолдануға кеңес береміз", - делінген сарапшының қорытындысында.
Осының негізінде сот қылмыстық істі тоқтатып, айыпталушыны мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.  

Айта кетейік, өткен жылы қараша айында полицияға баланың әпкесі хабарласып, үш жасар ұлды шілде айынан бері көрмегенін жеткізді. Ал анасы сәбиді Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтқан, алайда үйіне кіргізбеген. Бұл жерде шикілік бар екенін сезген әйел үйге терезеден кіріп, мұздатқыштан баланың денесін тапқан.

Содан кейін полиция күдіктіні іздеп, біраз уақыт өткен соң Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ұлын өлтіргенін мойындады. Оның айтуынша, баланың әкесімен ажырасып кеткен. Ол басқа елде тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бала өлімі