$ 494.87  520.65  4.91

155 қойды ұрлап сатқан күдікті ұсталды

Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толығымен мойындап отыр.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Келес АПБ-не Жетісай ауданы тұрғындарының бірі арызданып келеді. Ол өз арызында, 2018 жылдан бері Келес ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты қырлы жайылым жерде орналасқан мал қорасындағы қойларын Жетісай ауданының тұрғынына сеніп тапсырғанын айтады. 


2020 жылдың қараша айы мен 2021 жылдың қаңтар айы аралығында мал басын түгендеп, арнайы екпесін салдыруға келгенде қойшының әрқайсысы 40 мың теңге болатын 155 бас саулық қойын жасырын жымқырып, ысырап етіп жібергенін көреді. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі алты миллион теңгеден асады. Сондықтан, арызданушы аудандық тәртіп сақшыларынан заңды шара қолданып, келтірілген шығынды өндіруге ықпал жасауды сұраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында, қойшы болып жұмыс істеген күдіктіні ұстады деп жазады BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, күдікті қойшы мал бағып жүрген жылдардың соңғы үш ай ішінде оған сеніп тапсырылған қойлардың бір бөлігін заңсыз ысырап етіп, күніне 3-4 бас қойдан сатып отырған. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толығымен мойындап отыр. Бүгінде бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ешқайда кетпеу бойынша міндеттемеде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал иелеріне қырағы болу және өз мүлкінің сақталуын қадағалау қажеттігін ескертеді. Үй малын жайылымдарда қараусыз қалдыруға болмайды, сондай-ақ оны танымайтын адамдарға бағуға сенім білдірмеңіз. Мал ұстайтын қора-жайды мықты құлыптармен нығайту қажет, сондай-ақ малды сырғалап, ен-таңбаларын орнату керек.

Егер сіз мал ұрлығының куәгері немесе мал ұрлаудың құрбаны болсаңыз, тез арада “102” телефонына хабарласыңыз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары