Семейде қала тұрғындары бұрын жоғалып кеткен 22 жастағы Арман Мұхалиевтің денесін тапты, деп хабарлады Sputnik.kz Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 мамырда жігіт таңғы сағат 5-те үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Туыстары дабыл қағып, жоғалған адамды іздеу басталды. Оған полиция қызметкерлері, туыстары, еріктілер және қарапайым қала тұрғындары қатысты.
Кеше сағат шамамен 19:30-да Арман Мұхалиевтің денесі Ертіс маңындағы көпірдің астынан табылды.
"Оқиғаның мән-жайын және өлімнің себебін анықтау үшін барлық қажетті сараптама жасалады", - деп хабарлады полиция.
Осы жылдың наурыз айында да Семей тұрғыны жоғалып кетіп, үш күннен кейін өлі табылған еді. Ер адамның жүрек ауруына шалдыққаны анықталды.