$ 494.87  520.65  4.91

«Дәу құдай сақтап ешқайсымыз оның әйелі болған жоқпыз» - Сәуле Әбілдаханқызы

Қырық жыл бойы бір боқ-өсекті езіп отыра береді....
Фото: коллаж SN.kz
Фото: коллаж SN.kz

Қоғам белсендісі әрі белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзін Қыдырәлі Болмановтың алғашқы әйелі дегендерге Facebook-тегі парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

“Өләәәә.... мені Қыдырәлінің бірінші әйелі деп, кейбір "болжағыш" балгер сайтани сайттар бір жерлерімен тағы да бал ашып тастапты.. бұл әңгіменің өтірік екенін бұған дейін де бірнеше рет айтып, жазып, нүктесін қойсақ та, өсекшілерге дауа жоқ қой... қырық жыл бойы бір боқ-өсекті езіп отыра береді....

Тағы оқи отырыңыз: «Менің өмірімде бар да жоқ еді»: Сәуле Әбілдаханқызы экс-күйеуі жайлы айтты

«Жауыздыққа қарсы шыққан Ердоған ғана»: Болманов Иерусалимдегі қақтығыс туралы пікір білдірді

Ысбакойтес!!!

1989 жылы Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтында (ол кезде АГТХИ, қазір Өнер академиясы) 1 курста Қыдырәлімен біз танысқанда ол 3 курста еді, оның Жанетта деген суретші-модельер қызы болған, жарты жылдан кейін әйелі болды...

"Прясниковқа ұқсайды" деп группадағы бір-екі қыз бала махаббатпен "ғашық" болсақ болған шығармыз, дәу құдай сақтап ешқайсымыз оның әйелі болған жоқпыз, құдайға шүкір”, - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары