$ 449.58  486.94  4.86

Сарыағашта қос мереке қарсаңында үш мәдениет нысаны пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, үш мәдениет нысаны ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мереке қарсаңында тұрғындарға есігін айқара ашқан 75 орындық ауылдық клубтар Жібек жолы мен Бірлік ауылдық округтерінде орналасқан болса, енді бірі Құркелес ауылдық округіндегі 150 орындық мәдениет үйі.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан басшысы Қ.Әбдуалиев барша жұртшылықты мерекемен құттықтап, дарынды да талантты азаматтардың саны артатынына сенім білдірді.

Пайдалануға берілген мәдениет нысандары толықтай құрал-жабдықтармен, компьютерлермен және жиһаздармен қамтамасыз етілген. Мәдениет үйлерінің жанында кітапхана, оқу залы, жоғары жылдамдықта істейтін интернет пен телефон байланыстары бар.

Жалпы Сарыағаш ауданында осы жылы мәдениет нысандары жоқ ауылдық округтер мен елді мекендерде ауылдық клубтар мен кітапхана құрылыстары қарқынды жүргізілді. Бүгінге дейін Бірлік, Жібек жолы, Құркелес, Тегісшіл, Ақтөбе ауылдық округтерінде мәдениет нысандарының құрылысы аяқталып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 3 мәдениет үйлері аудан тұрғындарына тапсырылады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары