$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте жанармай бағасы қымбаттады

Шымкентте жанармай бағасы тағы қымбаттады. Үлкен сұранысқа ие Аи-92 маркалы бензин бұған дейін 126 теңгеден сатылып келсе, қазір 129 теңгеден жіберіліп жатыр. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Сапасы жоғары Аи-95 маркалы жанармай да 3 теңгеге қымбаттапты. Қазір ол литріне 152 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ, егінге орақ түсер кезде дизель отынының да бағасы 129 теңгеге дейін шарықтады.

Жанармай құны шарықтағанымен оған деген тапшылық сезіліп отырған жоқ. Тұтынушылар арасында да наразылық білдіріп жатқандары аз. Өйткені, бағаны жанармай бекеттерінің бәрі қымбаттатпапты. Кейбірінде әлі бұрынғы бағамен сатылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары