$ 449.3  489.69  4.89

Қызылорда қаласында атыс болды

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталған еді.

Қызылорда қаласындағы шағынаудандардың бірінде 29 шілде түнде атыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім болғандай, оқиға 29 шілде түнгі сағат 22.30 шамасында облыс орталығындағы «Шұғыла» шағынауданында болған. Тұрғындар көшеден атыс дауысын естіген. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігіндегі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлім етті департаменттен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары