$ 513  541.16  4.69

Банктерге ипотекалық қарызы бар тұрғындарға көмек көрсетілетін болды

Салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша жаңа заңға сәйкес қаржы секторында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Министрдің ақпаратынша, «Қайта қаржыландыру» бағдарламасы аясында ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша банктер алдында мерзімінен кешіктірілген берешегі бар қарыз алушыларға көмек көрсетілмек. Бұл халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының жалғыз баспанасын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

«Күмәнді және үмітсіз несиелер бойынша қарыз жүктемесін азайту тәсілдері аясында банктердің несие портфеліндегі күмәнді және үмітсіз қарыздар деңгейін төмендету және қаржылық қызметті тұтынушыларды қорғау күшейтіледі», - деді ҰЭМ басшысы.

Ол сондай-ақ салымшылардың мүдделерін қорғау деңгейі ұлғайтылатынын айтты. Сонымен қоса, жұмыс беруші жұмысшымен аннуитеттік сақтандыру бойынша келісімшарт жасау кезінде азаматтар өзінің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жарақат алған жағдайда олардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін жақсарту қарастырылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары