$ 494.87  520.65  4.91

«Қос құлыным үшін өмір сүргім келеді»: Екі бүйрегі де істен шыққан журналист халықтың көмегіне мұқтаж

Әселге дәрігерлер "созылмалы бүйрек жетіспеушілігі" диагнозын қойып отыр. Отаның жалпы құны 30 миллион теңгені құрайды, ал қазіргі таңда 13 миллион теңгеден аса қаражат жиналған.

31 жастағы алматылық Әсел Жақыпбекованың бүйрек жетіспеушілігімен күресіп келе жатқанына екі жылға жуықтады. Танымал телебағдарламада жұмыс істеп, талай адамға қол ұшын созған келіншек енді басқаның көмегіне зәру. Тілшімізге сұхбат берген Әсел екі баласы үшін өмір сүргісі келетінін айтып, мұңын шақты, деп жазады nur.kz.

Әселге дәрігерлер "созылмалы бүйрек жетіспеушілігі" диагнозын қойып отыр. Бүгінде оның дерті асқынып, бесінші сатыға өтіп кеткен. Оның үстіне, үнемі гемодиализбен жүретіндіктен, үстінен зәр исі шыға бастаған.

"Балаларым әлі кішкентай. Мектепке де барған жоқ. Солар үшін өмір сүргім келеді. Бұл ауруға үшінші жүктілік кезінде шалдықтым. Еліміздегі бүйрек ауыстыратын ұлттық орталыққа кезекке тұрдым. Бірақ уақыт аз, сол үшін ұятымды жиып, елден ақша сұрауға мәжбүрмін. Туыстарымның арасынан донор табылмады. Жаным үшін, балаларымның болашағы үшін жанұшырып, шетелден донор да, емхана да таптым. Ота құны қымбат, уақыт болса зулап өтіп жатыр. Қазір гемодиализді жүрегім көтере алар емес. Тіпті, кіші дәретім мүлде азайып бара жатыр", - дейді Әсел. Әсел Жақыпбекованы

Беларусь астанасы Минск қаласындағы дәрігерлер күтуде. Отаның жалпы құны 30 миллион теңгені құрайды, ал қазіргі таңда 13 миллион теңгеден аса қаражат жиналған.

"Минскіге барып, бүйрек ауыстыру үшін маған әлі 16 миллион теңгеден аса қаржы керек. Бұл - қарапайым күн кешіп жатқан біздің отбасымызға келген ауыр сынақ. Қанша берілмеуге тырыссам да, ауру дендеп барады. Бәрінен бұрын, балаларымды ойлаймын. Екі құлыншағым анасыз қалмасын деген ой үнемі миымда тұрады. Сондықтан барша мейірімді жандардан көмек сұраймын. Мен өмірім үшін күрескім келеді, маған көмектесіңіздерші! Екі балапанымның қасында аман жүргім келеді", - дейді Әсел.

Әсел Жақыпбековаға көмектесем деушілер үшін реквизит: Kaspi Gold тіркелген телефон номері: +7 707 597 62 27,

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары