$ 494.87  520.65  4.91

Жылқыны қасақана басқан жүргізуші 10 күнге қамалды

Жүргізуші мал иесімен келіскенімен, жазадан құтыла алмады. Өйткені, бұл жайтқа ауылдың басқа тұрғындары өре түре келген.

Алматы облысында жылқыны көлікпен таптаған ер адам 10 күнге қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам мал иесімен келіскенімен, жазадан құтыла алмады. Өйткені, бұл жайтқа ауылдың басқа тұрғындары өре түре келген. Тіпті ер адамның үйінің алдына жиналып, наразылықтарын ашық білдірген болатын. 

Оқиға осыдан 4 күн бұрын Алматы облысында болған. Қосөзен ауылының 38 жастағы тұрғыны жол талғамайтын көлігімен буаз жылқыны қасақана басып кетеді. Бұл әрекетін ол ауыл жылқыларының ауласына жиі кіріп, бау-бақшаны таптап кете бергесін жүйкем тозды деп түсіндірген.

Бастапқыда ер адамға мал иесімен мәмлеге келген екен. Алайда, ауыл тұрғындары жазықсыз малды өлтірген азамат бостандықта жүр деп шу шығарған. Сот бүгін жылқыны басқан азаматты 10 күнге қамау туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, ер адамның жол талғамайтын көлікпен жылқыны қасақана түрде басып жатқан видеосы желіге тараған болатын. Видео авторы жылқыны басқан адамды полиция алып кетіп, артынша бостандыққа жібере салғандығына шағымданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары