$ 443.85  474.3  4.8

«Бауырсақтың қайтарымы»: Ресейлік блогер далада қалған қазақ студенттерін өз пәтерінде тегін тұрғызған

Мен қазақтардың қонақжайлығын көрдім.

Астанада жергілікті тұрғындар пәтерақының қымбаттауынан далада қалып, бірнеше тәулік бойы көшеде күнелтуге мәжбүр болыпты, деп хабарлайды Экспресс К. 

Ресей азаматы Остап Парфенов TikTok желісінде көпшілікке танымал өнерпаз. Ол әлеуметтік желідегі хитке айналған көптеген тректің авторы. Қазақстанға жақында келген екен ол Астанаға тұрақтап, бір бөлмелі пәтер жалдаған. Кейіннен бірнеше жергілікті жігітпен танысып, жақын араласа бастапты.

Остаптың айтуынша, пәтерақының қымбаттауынан оларды үй иесі қуып шыққан екен. Басқасын жалдауға ақшалары болмаған жігіттер бірнеше күн автокөлікте өмір сүруге мәжбүр болған. Кейіннен олардың проблемасы жайлы Парфенов естіп, өзі жалдап тұрған пәтерге кіргізіп алыпты.

«Бұл қазақтардың жылы құшағы мен ЖСН-ға кезекке тұрған сәттегі тегін таратылған шәй-бауырсақтың қайтарымы» дейді жас жігіт.

Мен қазақтардың қонақжайлығын көрдім. Ресейліктермен баспанасымен бөліскен адамдар туралы көп естідім. Енді менің кезегім деп шештім. Жігіттерге «Менің үйімде тұрыңдар» дедім. «Қалайсың?» деген қазақша сөз үйреніп алдым. Міне, осындай жағдай, — дейді ол.

Видеоны көргендер ресейлік жігіттің бұл әрекетіне ризашылықтарын білдіріпті. «Жарайсың», « Жігітсің, Остап», «Бастысы — адам екеніңді ұмытпау» деп жазады олар. Қазір Остаптың пәтерінде уақытша тұрған жігіттер өзге баспана тауып, көшіп кетіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары