$ 498.34  519.72  4.85

Дональд Трамп: «Ислам мемлекеті» толық күйреді»

АҚШ Сириядағы әскерін шығара бастайды. Бұл туралы америкалық басылымдар хабарлады. АҚШ қорғаныс саласының ресми өкілі CNN телеарнасына Сирия аймағындағы америкалық әскерилердің барлығы елге оралатынын айтқан деп жазады Азаттық.

АҚШ бұл процесті қашан бастайтыны нақты белгісіз. АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының күйрегенін, «АҚШ әскерінің Сирияда қалуының жалғыз себебі ИМ-ді жеңу болғанын» жазды.

Ресми дерек бойынша, Сирия аумағында 2000 америкалық әскери бар.

«Ислам мемлекеті» (Қазақстанда ДАИШ деп аталады - ред.) - 2013 жылы Сирия мен Ирак аумағында құрылған экстремистік топ. Бірнеше жыл бойы екі ел аумағының негізгі бөлігін басып алып, халифат орнатпақ болған. 2018 жылдан бастап ИМ құлдырай бастады. Қазақстанда террористік ұйым деп танылған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, 800-ге жуық қазақстандық Сирияға кетіп, «Ислам мемлекеті» тобының сапында соғысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары