$ 494.87  520.65  4.91

ҰБТ-сыз грантқа түсу мүмкін бе

Бұл мүмкіндіктер болашақ мамандық иелеріне, өз саласына жетелер жол ашып, мақсатына жетуге көмектеседі.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстанда ҰБТ алғаш рет 2004 жылы өз бастауын алған еді. Сол кездегі ҰБТ міндетті үш, таңдаулы бір пәннен, яғни, толық 120 сұрақтан тұрды. Нәтижесі мектеп аттестатын алуға және ЖОО-ға түсуге жарайтын. Бірақ, қазіргі таңда мектеп түлектерімен қатар колледж студенттеріне дейін тапсыра алатын мүмкіндік қарастырылған. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап грант ҰБТ-ны 2 рет ақылы 3 рет яғни толығымен 5 рет тапсыру мүмкіндігі пайда болды. Грант саны көбейіп, жаңа сұранысқа ие мамандықтармен соған сәйкес комбинациялар пайда болды. 

Жаңа өзгерістермен қатар грант ұтып алуға мүмкіндік беретін, олимпиадалар өткізіле бастады. Мақсаты ЖОО-ға тегін әрі шәкіртақымен оқуға түсіруге мүмкіндік беру. Әр ЖОО өз олимпиадасымен, өз ережелерін болашақ студентке көрсетіп ішкі грантты ойната бастайды. Олимпиадада жеңіске жеткен түлек нәтижесінде ҰБТ шекті баллын пайдалана алып, ұтып алған грантымен қалаған оқу орнына түсе алады. Бұл мүмкіндіктер болашақ мамандық иелеріне, өз саласына жетелер жол ашып, мақсатына жетуге көмектеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары