$ 494.87  520.65  4.91

16 желтоқсанда еліміз бойынша 13 мектеп ашылады

Биыл 217 мектептің құрылысы басталған. 

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz

16 желтоқсан күні Қазақстан бойынша 7344 орындық 13 жаңа мектептің ашылуы жоспарланып отыр. Осылайша, биылғы жылдың басынан бері пайдалануға берілетін 95 344 орындық жаңа мектептердің саны 109-ды құрайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жалпы осы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың оқушы орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығы шешімін таппақ. 

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асуда. Биыл 217 мектептің құрылысы басталған. Олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба ең алдымен қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталып отыр. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары