1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Биыл ел бойынша 165 мектеп пайдалануға берілді. 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді. 210 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті. Қыркүйек айынан бастап 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты.
1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсіп, 41 898 теңгеге (педагогикалық ғылымдар – 67 200 теңгеге) жетті, магистранттар мен докторанттар шәкіртақылары 15%-ға өсіп, тиісінше 97 024 және 217 500 теңгеге көтерілді. Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға көтерілді.
Биыл 5,9 мың орынға арналған 25 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 5 мың орындық тағы 19 жатақхана ашу жоспарланып отыр.