$ 494.87  520.65  4.91

Өңірлік университеттер – аймақтағы ғылымның дамуына ықпал жасайды

Баршаға мәлім, университеттердің ең алдымен екі міндеті бар.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ғылымның дамуы мемлекет үшін өзекті түйткіл екенін түсінген жоғарыдағылар өңірлік университетердің ғылыми зерттеу бағытына көбірек көңіл бөледі. Баршаға мәлім, университеттердің ең алдымен екі міндеті бар. Ол – білім мен ғылым. Ал үшінші кезектегі міндеті – университеттердің жергілікті қоғамның дамуына үлес қосуы. Сол қоғамның дамуына септігін тигізетін ғалымдардың ізденуіне, зерттеу жасауына қолдау білдіру, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі оқу орындарында ғылымды дамытуға ерекше басымдық беріп отыр. Бұған жергілікті өзін-өзі басқару мен әкімшілік жауапкершілікті байыппен кеңейтетін саяси және әкімшілік реформалар саласындағы іске асырылған шаруалар дәлел бола алады.

Университеттік ортада ғылымының дамуына назар аудару сөз жүзіндегі іс емес. Заң және құжат түрінде қаралатын мәселе. Мәселен, 2022 жылдың 26 қазанында жарияланған Мемлекет басшысының «5 қадам» сайлауалды бағдарламасы аясында «Ғылым-техникалық саясат туралы» Заң қабылданған болатын. Министрлік қолданбалы ғылымды қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізді. Бұған қол жеткізу үшін ірі кәсіпорындармен, бизнеспен жұмыс бірізді жолға қойылған.

Еске салсақ, «Үштік спираль» моделі шеңберінде өңірлік жоғары оқу орындары әкімдіктермен және жергілікті корпоративтік сектормен тығыз өзара ынтымақтастық орнатады. Бұл өз кезегінде университет студенттерінің әр түрлі бағыттағы мекемелерге барып, тәжірибеден өтуіне мол мүмкіндік болмақ.

Қазақстанда өңірлік университеттер мен жергілікті өндіріс орындары арасында арнайы келісім, ынтымақтастық орнатылған.

Бұдан бөлек, Қазақстандағы 15 жетекші өңірлік жоғары оқу орнының ғылыми әлеуетін дамытуға қосымша қаржы бөлінді. Қаражат әр саланың ерекшелігіне бағытталған заманауи зертханалар ашуға жұмсалмақ. Бұл туралы Қарағандыға барған кезде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтқан еді.

Айтпақшы, енді университет деңгейінде жас зерттеушілерге 3 жыл бойы ғылыммен айналысу арқылы айына 500 мың теңге жалақы алуға мүмкіндік бар.

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінде елдегі университеттер бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасын күшейту қолға алынған. Шетелден үздік оқытушылар мен студенттерді бірінші кезекте өңірлердегі жоғары оқу орындарына жібереді. Жетекші ғылыми жетекшілер мен профессорларымыздың еңбекақысын көтерудің жеке бағдарламасы іске асырылады. Түптеп келгенде, бұл шешімдер мен шаралардың барлығы университеттерде кадрларды сақтап қалу ғана емес, өңірлердегі жаңа ғалымдардың толқынын қалыптастыруға ықпал етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары