$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет жас ғалымдардың баспаналы болу туралы арманын орындады

Ғылымға ден қойып, алаңсыз ізденіс жолына түсу үшін жас ғалымдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, Яғни, осы бес жыл аралығында банк жас ғалымдарға қолдау көрсету мақсатында өз қаражатынан шамамен 16,6 млрд теңге бөлуді жоспарлап қойған.

Фотоколлаж: Sn.kz
Фотоколлаж: Sn.kz

Ғылымға ден қойып, алаңсыз ізденіс жолына түсу үшін жас ғалымдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, қолдау ауадай қажет. Мұны еліміздегі Ғылым және жоғары білім министрлігі әу бастан түсінген. Сондықтан болар, жас ғалымдарға мемлекеттен әрдайым қолдау көрсетіліп келеді. Тіпті ғалымдардың бас ауруына айналған тұрғын үй мәселесін шешу үшін былтыр елімізде жас ғалымдар үшін арнайы баспана бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Отбасы Банкі» Қазақстан ғалымдарының тұрғын үй сатып алуға несиелік өтінімдерін қабылдауға кірісіп кетті. Бұл бағдарлама аясында жас ғалымдарды жайлы үймен қамтамасыз ету үшін бесжылдық жоспар әзірленген. Яғни, осы бес жыл аралығында банк жас ғалымдарға қолдау көрсету мақсатында өз қаражатынан шамамен 16,6 млрд теңге бөлуді жоспарлап қойған.  Бүгінде бұл бағдарлама өз нәтижесін көрсетті. Алғашқы бір жылдағы көрсеткіші де жаман емес.

Жуырда Астанада орналасқан Л .Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 10 жас ғалымы  «Жас ғалым» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының және мемлекеттік қолдаудың арқасында баспаналы болды. бүгінде үйлі болып, өз шаңырағына ие болғандардың қуанышында шек жоқ. Көптен күткен арманына жеткен жас ғалымдарды аталмыш жоғары оқу орнының ректоры және «Отбасы Банкі» АҚ орталық филиалының өкілдері арнайы салтанатты шарада құттықтады.

«Жас ғалым» бағдарламасы арқылы үйлі болған ізденуші, зерттеушілердің қатарында Әсия Құсайынова бар. Ол тиімді пайызбен баспана алғанына қуанышты.

Әсия Құсайынова он жылдан астам уақыттан бері ЕҰУ университетінің Жасушалық биология және геномика институтының ғылыми қызметкері болып табанды еңбек етіп жүр. Оның  молекулалық генетика саласында ауыз толтырып айтарлықтай тәжірибесі бар. Мәселен, ол радон мен асбест әсерінен туындайтын өкпе обыры патогенезінің молекулярлық-генетикалық аспектілерін зерттеп келеді. Ізденіс жолынан таймайтын Әсия жас ғалымдарға арналған жеңілдікпен несие беру бағдарламасының арқасында бір бөлмелі пәтерге қол жеткізді.

«Өз үйім – өлең төсегім» деген сөз бекер айтылмаған. Кішкентай болса да жылы ұяңның болғаны таудай бақыт екен. Мен үшін өз меншігіңде баспана болуы – көңілге қуаныш пен болашаққа деген сенімімді арттырды. Үмітімді жандандырды. Расында, бұл бағдарламаның іске қосылуы – өзім секілді ғалым жолындағы ғалымдардың – қуанышын еселеді, үмітін арттырды, қанаттандырды. Біз тиімді шарт бойынша жеке баспана сатып алу мүмкіндігіне ие болғанымызға әлбетте ризамыз!», – деді жас ғалым.

Осы орайда, айта кеткен жөн. Қазақстанда соңғы жылдары ғылым саласына бюджеттен бөлінетін өаражат көлемі ұлғайып келеді. Бұл ғылымды дамытуға, қолдауға бөлінген қаржы бірнеге есе өсті деген сөз. Ал бұл процесс өз кезегінде ғылым қызметкерлерінің алаңсыз жұмс істеуіне мемлекет жағдай жасап отыр дегенді білдіреді.

Еске салсақ, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау мәселесі шешімін табатынын айтқан еді. Сол кезде сала министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарды ғылымға тарту мақсатында былтыр 19 қазанда бірінші рет  Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ (Банк қаражаты есебінен) арасында жас ғалымдарға бес жыл бойы іске асатын кредиттеу бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айтқан еді. Міне, қатарынан 10 жас ғалымның баспаналы бола бастауы – сол ынтымақтастық туралы келісімнің нәтижесі деп білеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары