Президент жалпы үкімет жасанды интеллект саласын жан-жақты дамытуға барынша назар аударуы керек екенін бас айтты.
Бүгінде жасанды интеллект барлық салада дерлік бар. Өндірісті автоматтандырып, роботтандыратын кәсіпорындар көбейіп келеді. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімдірек және арзанырақ. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай осы себепті 800 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Алайда бұл жасанды интеллекттің әртүрлі аспектілері экономикалық өнімділікке және еңбек нарығына қалай әсер етеді? Осы тұста Skifnews.kz ақпарат порталы осы сұраққа жауап іздеп көрмек.
Қазақстандағы McKinsey&Company компаниясының басқарушы серіктесі Йохен Бербнер ЖИ туралы өз ойын айтты.
"Жасанды интеллект және тереңдетілген талдау технологиялары Қазақстанға 2030 жылға дейін ЖІӨ-нің жыл сайынғы 5-6% өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі факторлардың бірі болуы мүмкін. Бұл еңбек өнімділігінің артуы есебінен мүмкін болады, бұл жұмыспен қамтудың өсу қарқынының баяулауы жағдайында экономикалық өсудің маңызды факторына айналады", деп атап өтті.
Жасанды интеллект пен кеңейтілген аналитиканың жалпы қосылған құнға (GVA) әсерін қарастырайық. Өндіруші және өндірістік салаларда жасанды интеллект технологиялары енгізудің жылдық әсері 2018 жылғы бағамен 5-тен 7 млрд-қа арттыру жоспарланды. Қызмет көрсету секторында 9-дан 13 млрд-қа дейін жетуі мүмкін. Білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару және қорғаныс секторларында әсер салыстырмалы түрде төмен, бірақ жылына қосымша 1-2 млрд халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін өте маңызды көмек болып табылады.
Жасанды интеллекттің экономикаға тигізер оң тұстарын әртүрлі топқа бөліп қарастырсақ болады:
Сондай-ақ, клиенттердің іс-әрекетін алдын ала болжау да қазір автоматтандырылған. Машиналық оқыту алгоритмдері клиенттің қажеттілігіне алдын ала болжам жасайды және оған жеке қызмет көрсете алады. Банк саласында виртуалды көмекшілер де тұтынушыларға қызмет көрсетіп, сұрақтарына жауап береді, банк қызметі жөніндегі ақпараттарды ұсына алады. Бұл үшін жасанды интеллект қызметіне негізделген чат-боттар пайдаланылады. Жедел кредит қызметі де осы жасанды интеллект арқылы жүзеге асырылып отыр. Олар клиенттің төлем қабілетін, қаржылық іс-әрекетін дәл бағалай алады. Мұндай технологиялар банк операцияларының ауқымын кеңейтіп қана отырған жоқ, тұтынушылар үшін сенімді әрі ыңғайлы қызметті қамтамасыз етті.
Ендігі кезекте Қазақстан экономикасының қай салаларында жасанды интеллект көрінісі едәуір байқалатынын қарастырайық. Мәселен, мұнай–газ саласында жасанды интеллект: геологиялық барлауда және мұнай өндіру объектілерін қашықтан басқаруда қолданылады, бұл шығындардың азаюына және процестің тиімділігінің жоғарылауына әкеледі. Соңғы 30 жылда Қазақстан мұнай өндіруді 3.5 есеге ұлғайтты, ал өндіру бойынша 2021 жылы әлемде 13-орынға ие. Қазақстанның Жалпы экспорт құрылымында 2021 жылы мұнай барлық тауарлардың 51,5% ал газ 3.8% құрады. Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80% - дан астамы экспортқа жөнелтіледі, ал Қазақстанның республикалық бюджеті мұнай-газ саласы есебінен 30-50% - ға толықтырылады. Сондай – ақ, финтех және банк секторы бойынша атауға болады. Қазақстан тұрғындарының 86%-ы мобильді банктердің белсенді пайдаланушылары болып табылады. Мысалы, Kaspi 2017 жылы банк карталары, мессенджерлер және ақша аудару мүмкіндігі бар мобильді қосымшаны әзірледі. 2021 жылы travel Tech функционалдығын қосылды. Kaspi-ден кейін өздерінің онлайн-дүкендері Halyk, Jusan және Forte банктерін іске қосылды. Мұндай кешенді өнімдердің тиімділігінде деректер үлкен рөл атқарады, сондықтан деректерді басқарудың ең оңтайлы схемаларын ұйымдастыру үшін Big Data және AI (жасанды интеллект) зор әсерін тигізді.
Дегенмен жасанды интелектің кез-келген цифрлық жүйе секілді кемшілігі болуы мүмкін және мұқият қолданылмаса сәтсіздікке ұшыратады. Мысал ретінде өз қызметіне жасанды интелектті еңгізген Береке банкті айтсақ болады. Герман Греф арнайы машина ауқымды қызметте қателік жібергендіктен, миллиардтаған рубль жоғалтқанын жеткізді. Яғни алгоритмге еңгізілген кішкентай қате өте үлкен салдарға әкелуі мүмкін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында жасанды интеллектіні дамытатын институттар керек екенін айтты.
"Цифрлық дәуір жаңа активтің, яғни деректердің пайда болуына ықпал етті. Олар жасанды интеллект пен машиналық үйренудің негізгі шикізаты саналады. Сондықтан мемлекеттік органдар мен оларға бағынышты ұйымдардың деректер қорын интеграциялаумен белсенді айналысу керек. Күрделі ғылыми міндеттерді шешу және қолданбалы жобаларды жүзеге асыру үшін жақын арада елімізде жасалып, іске қосылатын суперкомпьютерлердің мүмкіндігін барынша жұмылдыру қажет. Дербес тіл моделін әзірлеу – жасанды интеллект саласындағы болашағы зор бағыттың бірі. Қазір қазақ тілі моделін жасау жұмысы қолға алынып жатыр. Осы жұмысқа сегіз ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орнынан тұратын консорциум тартылды. Бұл бастама цифрлық дербестігімізді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мемлекеттік тілді дамытуға мықты серпін береді", - деді президент.
Сондай-ақ мемлекет басшысы жасанды интеллект саласында маман тапшылығы мәселесін сөз етті.
"Бұл мәселені тез арада шешу қажет. Әрине, нақты жұмыстар да атқарылып жатыр. Еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында Google және Huawei сияқты көшбасшы компаниялардың арнайы курстары ашылды. Корея, Қытай елдеріндегі жетекші білім ордаларымен келісімге қол жеткіздік. Білім алмасып, мамандарды бірлесе даярлау туралы уағдаластық бар. Бізге өскелең ұрпақтың жаңа цифрлық технологияны еркін меңгергені керек. Сол үшін орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы білім бағдарламаларын қайта қарау қажет. Әсіресе, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін үйренуге баса мән берілуге тиіс", - деді ол.
Президент жалпы үкімет жасанды интеллект саласын жан-жақты дамытуға барынша назар аударуы керек екенін бас айтты.
"Бұл жұмыста Ұлттық кеңес мүшелерінің әлеуетін пайдаланған абзал. Кеңес құрамындағы жұмыс тобына ұсынылған сарапшылар тізімін бекітуді тапсырамын. Олар жасанды интеллект индустриясындағы өзекті мәселелерді шешуге белсене қатысуға тиіс", - деп түйіндеді ойын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қорыта айтқанда, жасанды интеллект экономиканың драйверына айналуда. Егер Қазақстан жасанды интеллект мүмкіндіктерін толық пайдаланса, онда экономикасының әр саласында сапалы серпіліс жасап, IT-индустрияның орталығына айнала алады. Мемлекет басшысы осы саладағы стратегиялық жоспарларды заңнамалық деңгейде бекітуді тапсырды. Сондықтан қазір жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату қажет, сондай-ақ білікті мамандарды даярлауға назар аудару қажет. Кем дегенде үш танымал университет кадрларды даярлаумен және осы салада зерттеулер жүргізумен айналысуы керек.