$ 494.87  520.65  4.91

Қазақтілді түлектер 113 балмен оқуға түсе алмай жатыр

Биыл да мемлекеттік білім гранттары бөлінгеннен кейін шу шықты. Талапкерлер мен ата-аналар қазақ тілінде білім алғандар аса жоғары балдың өзімен оқуға түсе алмай қалатынына наразы, деп хабарлайды 31 арна.

Өйткені, грант нәтижесіне сәйкес 113 балмен жоғары оқуға түсе алмағандар бар екен. Тіпті «Алтын белгі» иегерлері тегін оқи алмайтын болды деп дабыл қаққандар да табылды. Ал, орыс топтарына тапсырғандар одан да төмен балмен дәл соған сәйкес мамандыққа оп-оңай түсіп кете алады.

Грант нәтижесін оқығанда өз көзіне сенбегендердің бірі Нұргүл Сейдахмет. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 113 балл жинаған түлек оқуға түсетініне сенімді болған. Алайда, мемлекеттік білім гранттарын бөлу нәтижесі ағылшын тілі маманы боламын деген арманын желге ұшырды. 3 күн бойы қабылдау комиссиясынан бастап, білім министрлігіне дейін қоңыраулатып жөнді жауап ала алмаған бойжеткен, бізге скайп арқылы хабарласты.

– Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университке қазақ факультетіне 82 балмен түскен. Ал мен өз балдарыммен түспей қалдым. Мүмкін «Алтын белгінің» жоқтығы шығар. Бірақ, ауыл квотасы бар. Білмедім. Түсінбедім ештеңені, – дейді талапкер Нұргүл Сейдахмет.

Ата-аналардың бірі Рахат Ықыбаев болса, ана тілімізде бекер оқығандығын айтады.

– Енді менің өзімнің ұлымда ондай өкініш болды. Мысал үшін «неге мені бермедің кезінде орыс мектебіне бермедің?» деді, – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары