$ 494.87  520.65  4.91

Есілдің сол жағалауында жаңадан 3 мектеп ашылады

Астанада жаңа оқу жылы қарсаңында сол жағалауда 3 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Аида Балаева «Фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, мынадай білім ошақтары іске қосылуы тиіс:

- №73 физика-техникалық мектеп. 1200 орындық білім ошағы Ш. Қалдаяқов көшесінің бойында, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Премьер Палас», «Гранд Астана», «Қала романсы», «Париж кварталы», «Француз кварталы», «Милан кварталы» аумағында орналасады;

- №74 мектеп-гимназиясы. 1200 балаға арналған мектеп Сарайшық көшісінің бойында, Айнакөл (бұрынғы 12 күре жол) көшесі маңында, Оңтүстік-шығыс ықшамауданында орналаспақ. Ол №52, 53, 57 мектептердегі оқушылар санын азайтып, жеңілдетуге септігін тигізбек;

- № 75 мектеп-гимназия. 1200 орындық мектеп Еңбекшілер көшесі бойында, «Мәңгілік ел» триумфалдық аркасы, «Есіл», «Каспий палас», «Саранда», «Арман қала», «ЭКСПО-таун», «Керуен» ТК-дерінің маңайында орналаспақ. Бұл ретте, №59 мектептегі тығыз жағдайға байланысты ата-аналар балаларын осы мектепке бере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары