$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда жаһандық климаттың өзгеруіне арналған бейнедәріс өтті

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Жаһандық климаттың өзгеру мәселелері: үрдістер мен зардаптарға заманауи көзқарас»  тақырыбында бейнедәріс өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Дәрісте гуманитарлық ғылымдар кандидаты,  БҰҰ/ЖЭҚ энергоүнемдеу бойынша сарапшысы Александр Белый бақылаудағы климаттың өзгеруінің салдарын анықтады. 1941-2011 жылдар аралығы бойынша Қазақстандағы ауа райының уақытша өзгеруін бағалап, 2016-2045, 2036-2065, 2071-2099 жылдар аралығындағы климаттық өзгерудің болжамдарын жасады.

Сондай-ақ, тұрғын үйлердегі «жасыл экономика» бағыты бойынша тәжірибелі жобалар бойынша дәйекті деректер ұсынды. Дәріскердің айтуынша, аталмыш жоба жұмыстарының нәтижесі жылу энергиясын тиімді үнемдеуге болатынын көрсеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары