$ 494.87  520.65  4.91

Табиғатпен дұрыс қарым-қатынас орнатуға баулитын оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Әлия Назарбаеваның экологиялық жобасы негізінде жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арнап әзірленген «Жандану» оқулығы таныстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Өз сөзінде ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев айтып өткендей, экологиялық тәрбие мен білім берудің өзектілігі білім берудің маззмұнын жаңартуға көшу барысындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады. Оның үстіне, қазіргі уақытта, экологиялық тәрбие проблемасын жай пән ретінде ғана емес, мәдениет ретінде де қарастырылуда.

Аталған оқулықты білім және ғылым министрлігі «Жандану» экологиялық жобасы аясында дайындалған. Оқулық қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас ұйымдастыруды көздейді.

–      Оқулықтан табиғатпен қарым-қатынас жасауды және ынтымақтастықта болуды үйренуге болады. Экологиялық білім берудің бүгінгі күнгі мақсаты экологиялық мәдениетті, тұлғаны қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуді қалыптастыру болып табылады, – деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары