$ 446.49  475.38  4.79

Білім және ғылым министрлігі республикалық ата-аналар конференциясын өткізуді қолдайды

Ата-аналар конференциясын өткізудегі негізгі мақсат отбасы мен мектептің арасында ынтымақтастықтың берік негізін қалау болып табылады және оған қазақстандық әрбір отбасы мүдделі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар брифингінде Отбасылық тәрбие институтының бас директоры Софья Евдокимова мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оның айтуынша, сондықтан ҚР Білім және ғылым министрлігі Отбасылық тәрбие институтының «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсету» тақырыбына арналған Республикалық ата-аналар конференциясын өткізу туралы бастамасын қолдап отыр.

С.Евдокимованың айтуынша, мектепте оқитын балаларға ата-аналар тарапынан психологиялық қолдау көрсету маңызды ғана емес, күрделі мәселе.

– Мектептегі оқу процесіне бірінші сыныпқа баратын балалар да, олардың ата-аналарына да дайын болуы керек. Ата-аналардың басты міндеті – баланың оқуға деген ынта-ықыласын дамыту, оның тәртібін, жаңа білім мен дағдыны игеру барысындағы табандылығы мен дәйектілігін қалыптастыру және қолдау көрсету болып табылады, – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары