$ 494.87  520.65  4.91

Таразда инновациялық гранттар бойынша семинар өтеді

Таразда «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркімен біріге отырып инновациялық гранттарды ұсыну механизмдері бойынша семинар-кеңес өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, семинар барысында Жамбыл облысының грант алушысы, «Инокс ЛТД» ЖШС директоры Борис Науменко өз тәжірибесімен бөлісіп, гранттық жоба туралы және оның коммерциализациясы жөнінде таныстырып өтпек.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігі инновациялық гранттардың операторы «ТДҰА» АҚ арқылы 9 бағыт бойынша мемлекеттік қолдау көрсетеді. Оның ішінде технологияларды коммерцияландыруға – 25 млн. теңгеге дейін; шетелдік патент алуға  – 3 млн. теңгеге дейін, өнеркәсіптік зерттеулерді орындауға – 30 млн. теңгеге дейін, инженерлік-техникалық қызметкерлердің  шетелде біліктіліктерін арттыруға – 2 млн. теңгеге дейін; шетелден жоғары білікті мамандарды шақыруға – 9 млн. теңгеге дейін; консалтингтік, жобалық және инжинирингтік компанияларды тартуға – 30 млн. теңгеге дейін; басқарушылық және өндірістік технологияларды ендіруге – 15 млн. теңгеге дейін; технологияларды сатып алуға – 150 млн. теңгеге дейін; жоғары технологиялық өнім өндіретін стартап құруға – 50 млн. теңгеге дейін қаржылай грант қарастырылған.

Семинардың соңында «Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» ЖШС мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары