Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының мәжіліс залында «3D-протездеу технологиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға «Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-әдістемелік орталық» РМҚК директорының орынбасары М.Шұғаепов, Алматы қаласы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Департаменті директорының орынбасары М.Алдамжарова және басқарманың ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс бөлімінің бөлім басшысы Л.Әбжанова, Алматы қаласы емханаларының травматологтары мен ортопед мамандары және протезді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
– Жиынның мақсаты – кез келген протездегі жаңа инновациялық тәжірибемен алмасу; дентальді имплантологиядағы стоматологиялық құрылғылар, материалдар және жаңа технологиялар жайлы жаңа ақпарат жинау; сонымен қатар, стоматология саласындағы мамандарды дипломға алғанға дейін және диплом алғаннан кейін жаңа әдістерге оқыту, - дейді ұйымдастырушылар.
Дөңгелек үстелде 3D-протездеу технологиясының қыры мен қазіргі таңдағы мәні туралы айтылды. Және аталмыш протездеу технологиясы туралы жан-жақты зерттеліп, адамға жоғарғы деңгейде қызмет көрсете алатындығы туралы дәлелді мысалдармен талқыланды.
3D-протездеу технологиясы әсіресе қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға аса қажет екенін ескерген ұйымдастырушылар дөңгелек үстелге оларды да арнайы шақырған. Ал жиын барысында протез күтімі туралы кеңінен айтылып, пайдалы кеңестер берілді.
– Статистикалық деректерге сәйкес, соңғы 3 жылда Қазақстан халықтары арасында ірі буындарды эндопротездеу бойынша операциялар саны 2 есе, ұршық буынын эндопротездеу 1,5 есе өскен. Соның негізінде ірі буындарды эндопротездеу қажеттілігіне есеп жүргізілген. Буын эндопротездеуге мұқтаж науқастарды тіркейтін компьютерлік бағдарлама әзірленген. Сол бойынша жүйелі жұмыстар жүруде, - дейді ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс бөлімінің бөлім басшысы Л.Әбжанова.
Айта кетейік, «3D-протездеу технологиясы» бақылау және негізгі топтағы сан сынуларды емдеу кезінде анатомиялық және функциялық қалпына келтірудің орташа мерзімдерінің өзгешелігі 17 тәулік, жіліншіктің сынуы - 28 тәулік және сан мен жіліншік сынулары бар науқастарды емдеу кезінде - 25 тәулік.
Ал перфузияны күшейтудің аталған тәсілдері аяқтың зақымдалуын және ауруларды кешенді емдеуде, қанмен қамтамасыз етуді жақсартуға маңызды рөль атқаратын патогенезде қолдануға ұсынылады дейді ортопед мамандары.
Ақбота Мұсабекқызы