$ 498.34  519.72  4.85

Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын

Қазақ халқында көпшілікті ойлай жүретінді көптің баласы  дейтін қасиетті сөз бар емес пе?! Сол сөзді орнымен қолданатын кез де туады екен. Біздің айтпақ ойымыз - дәл қазір Қазақстанның білім мен ғылым саласына аса қажет болып отырған жаңашыл көзқарастар тоғысындағы тың идеялар мен ойлы қадамдар жасалып жатқан кезеңдегі халықтың қалаулысы болып үлгерген азаматымыз туралы  болмақ. Өзі жас болса да, ой-арманы, мақсаты жарқын болашаққа меңзейтінін өз қызметінде жүріп-ақ таныта білген экс-әкім  Абдурахимов  Ғабидолла Рахматуллаұлына  алғысымызды білдіргіміз келеді.

Шымкент қаласының мұғалімдер қауымы өткен жылдың күзінде «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырған Финляндия қаласында тағылымдамадан  өту конкурсына қатысқан  болатын. Шетелге шығып, тәжірибе алмаспаған біздер үшін бұл бір үлкен құбылыс болды. Осыншама ізгі мақсатты көздеген іс-шараның бастамашысы, ұйымдастырушысы да  Ғабидолла Рахматуллаұлы  болатын. Арасы ұзап кетсе де, мақсатымызға жетіп, қазіргі таңда білімнен алғы шепте келе жатқанын әлем  мойындаған Финляндияға барып қайттық. Елмен таныса келе, өткенінде біздің Оңтүстік өңірімен  экономикасы ұқсас, сондай-ақ қазір біз үшін де маңызды болып отырған - кәсіпке ерте жастан баулу  жолдарының  тиімдісін таба білген, ең бастысы,халықтың әл-ауқатын көтеруді білімнен көре білген халықтың әрекеті біздерге жақын болып көрінді. Біздің келе жатқан сара жолымыз тәуелсіздігіне 100 жыл толған елдің жолындай дұрыс жол екендігіне тағы да көз жеткізгендей болдық.

«Білім ел таңдамайды, жер таңдамайды» деген осы шығар. Жас болса да, халқы үшін осыншама алыстан ойлай білген қамқоршыл экс-әкімнің еңбегіне алғысымыз ерен. Сол кісінің бастамашылдығымен теңіз асып, Еуропа мәдениетін көріп, білім беру ісінің үздік әдістерін біліп қайттық. Халқы аз, жері шағын болғанымен,үйретері мол халықтың өмір салтымен де біршама таныстық.Ол да болса, еліме қай жағынан жақсылық жасасам екен деген ұлдың ниеті деп қарасақ, Ғабидолла сынды азаматтарымыз келеді ойға да, тілге де.

Қазіргі таңда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы Ғабидолла Рахматуллаұлына барша ұстаздар қауымы атынан алғысымызды білдіреміз. «Ер елі үшін туады»деген қасиетті сөз осындай азаматтарға арналған деп ойлаймыз.

Ангаралиева Феруза Байрамовна
Мамытбаева Сәуле Әсетқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары