$ 443.44  480.51  4.88

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» мобильді қосымшасы арқылы отаныңды әлемге жақындата біл!

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» мобильді қосымшасы былтыр іске қосылған болатын. Жоба география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D-нысандар, панорамалар, инфографикалар, интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған.

Мобильді қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер және бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қолданбаны AppStore, Play Market, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

Мобильді қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://mfa.gov.kz/kz/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары