«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру мақсатында базалық жоғары оқу орындары мен колледждерді дамытудың бағдарламасы әзірленді.
Осы бағдарламаға сәйкес екінші бесжылдықтың басым міндеттерінің бірі индустрияландыру ісіне кадрлар әзірлеу болып табылады. Соның ішінде металлургия, мұнай-газ химиясы, электр энергетикасы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, АӨК, машина жасау, жаңадан өсіп келе жатқан инновациялық салалар үшін кадрлар әзірлеу ісіне мән беріледі.
Базалық жоғары оқу орындары мен колледждерді дамыту бағдарламасы жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ЖОО-лар үшін мемлекеттік тапсырыстарды ҮИИДМБ-2 жобаларының талаптарына сәйкес орналастыру және зертханалар базаларын жаңа талаптарға сәйкес жаңғырту мәселелерін көздейді.
Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметтері бойынша 2015-2019 жылдары жүзеге асатын 257 жобаға 46,6 мың жаңа талапқа сәйкес кадрлар қажет болады.
Осы талапқа сәйкес кадрлар даярлау ісі басталып кетті. Мәселен, техникалық және кәсіптік білім салаларында кадрлар дайындау үшін «Кәсіпқор» холдингі мен 10 колледждің арасында келісімшарттар жасалды. Бұл ретте холдинг ұсынатын білім беру бағдарламаларын енгізу жаңа кадрлар даярлау ісіне көмектесетін болады. Мәселен, халықаралық тәжірибе мен индустрияландыру талаптарын ескере отырып, кәсіптік білім беру саласы үшін жаңадан 8 білім беру саласы әзірленуде. 2017-2018 жылдары тағы да 16 білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің қатысуымен әзірленеді.
Елімізде таңдап алынған осы 10 колледж ең бірінші кезекте индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыруға арналған жобалар үшін кадрлар әзірлейтін болады. Осы кәсіптік білім мектептерінде жинақталған білім берудің жаңа тәсілдері мен тәжірибесі кейіннен басқа да кәсіптік білім беру мектептеріне таратылады.
Жоғары оқу орындарында индустрияландыру жобаларын қазіргі замандық кадрлармен қамту ісінің инновациялық сипаты болады. Осы мақсатқа арналған білім бағдарламалары әзірлену үстінде. Білім сапасына қол жеткізу үшін осы іске жұмылдырылатын еліміздің таңдаулы оқу орындары қазіргізамандық зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. Мәселен, 2015 жылы таңдаулы оқу орындары үшін 24 жаңа білім беру бағдарламалары әзірленеді және осыған сәйкес базалық 10 оқу орнында 24 жаңа зертхана құрылады.
Мәселен, 2015 жылы таңдаулы оқу орындары үшін 24 жаңа білім беру бағдарламалары әзірленеді және осыған сәйкес базалық 10 оқу орнында 24 жаңа зертхана құрылады.
Жаңа білім беру бағдарламалары әріптес шетелдік жоғары оқу орындарының қатысуымен әзірленеді және олардың әрбірі индустрияландырудың екінші бесжылдығының нақты жобасына апарып бекітіледі.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге 2015-2017 жылғы бюджеттен 962,1 миллион теңге жылма-жыл бөлініп отыратын болады. Білім және ғылым министрлігі осы бағдарламаларды әзірлеу үшін индустрияландыру ісіне қатыстырылатын базалық жоғары оқу орындарына алдын ала төлем түрінде қаражаттың бірінші траншын аударып та қойды. Жаңа білім беру бағдарламалары 2015-2016 оқу жылынан бастап магистранттарды оқыту түрінде іске қосылады.
Жаңа зертханалар жүйесін қалыптастыру үшін 10 миллиард теңге қарастырылып отыр. Оның 3 миллиард теңгесі 2015 жылға, 7 миллиард теңгесі 2016-2017 жылдарға арналып бөлінеді. Зертханаларды құру ісі, оларға алынатын құрал-жабдықтар шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып қолға алынуда.
Мұның сыртында республикалық бюджет есебінен 2015 жылға шетелдік ғалымдарды тарту үшін 998,8 миллион теңге, оқытылатын студенттердің академиялық жинақылығын қамтамасыз ету үшін 590 миллион теңге қарастырылды.
2015 жылы базалық жоғары оқу орындарына белгілі бір кәсіп түріне арналған магистратуралар бойынша 1900 орынға лайықталған мемлекеттік тапсырыстар берілді. Оған қажетті қаржы республикалық бюджеттен қарастырылды.
Жаңа іске дайындалу мақсатында Назарбаев Университет базасында жобаға қатысатын базалық жоғары оқу орындарының проректорлары мен кафедра меңгерушілері оқытылды.
Білім және ғылым министрлігі 2017 жылдың соңына дейін базалық жоғары оқу орындары мен колледждердің инфрақұрылымдары мен материалдық-техникалық базаларын талапқа сай қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2020 жылға дейін экономика саласына қатысты 900-ге жуық кәсіптік стандарттарды әзірлеуді жоспарлауда. Экономиканың еңбек ресурстарына сұранысын қанағаттандырудың және өндіріс пен білім арасындағы тікелей байланысты қалыптастырудың аса маңызды элементтерінің бірі кәсіптік стандарттарды әзірлеу болып табылады.Бүгінгі күні Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып Біліктіліктің ұлттық аясын қалыптастыру жөнінде үлкен жұмыстар жүргізуде. Мұның да басты элементтерінің бірі кәсіптік стандарттарды әзірлеу болып табылады. 2012-2014 жылдарғы кезеңде 345 кәсіптік стандарт әзірленді. Үстіміздегі жылы тағы 58 стандарт әзірленеді. Сөйтіп, 2020 жылға таман 900-ге жуық кәсіптік стандарт дайындалуы тиіс.
Кәсіптік стандарттар оқу жоспарларының және мамандарды даярлау, қайта даярлау, сонымен қатар, олардың білімін көтеру ісінің негізіне айналуы тиіс. Сондықтан оны әзірлеуге жұмыс берушілер де белсене қатысуы керек. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2016 жылдан бастап ұлттық кәсіпкерлік палатасына, соның ішінде жұмыс берушілердің салалық бірлестіктеріне кәсіптік стандарттарды әзірлеу және оларды белсенді ету қызметін беруді ұйғарып отыр.
Мұның сыртында сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін құру жоспарлануда. Ол жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жүргізіледі. Өйткені, бұл жүйе оқу орындарының түлектерінің алған білімдері мен қызмет дағдылары жұмыс берушінің қоятын талабына қаншалықты сәйкес екендігін анықтайтын болады. Қазіргі уақытта кәсіптік әзірлікті бағалаудың және мамандардың біліктілігінің сайма-сайлығын бекітудің үш орталығы қанатқақты жоба ретінде жұмыс істеп тұр.
Бұл үш орталық мұнай-газ, тау-кен, туристік салалардағы мамандарға арналған. Енді құрылыс және машина жасау салалары мамандарының біліктілігін бағалайтын орталықтар құрылатын болады. Қазақстанда индустрияландыру, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың еңбекпен қамтылуын күшейту бағытында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні елімізде 455 мың жұмыссыз, 585 мың өнімсіз еңбекпен қамтылған адамдар бар. Олардың жалпы саны 1 миллионнан асып жығылады. Индустрияландыру осы санаттағы адамдардың дұрыс еңбекпен қамтылу мәселесін шешеді. Биылғы жылы жоғарыдағыдай бағдарламалар аясында 322 мыңнан астам жұмыссыздар мен өзін өзі еңбекпен қамтыған адамдардың жұмыс табуына көмек көрсету жоспарлануда.
Үстіміздегі жылдың бес айында 153 мың адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 80 мыңы тұрақты жұмыс орнын тапса, 73 мың адам кәсіпорындардағы уақытша жұмысқа орналастырылды және әлеуметтік жұмыс орындарына, жастардың еңбек практикаларына жіберілді. Бес мыңнан астам адам мемлекет қаржысы есебінен оқу мен қайта даярлауға және білімдерін көтеруге бағытталды.
Елімізде соңғы жылдары қазіргі заман талаптарына сәйкес қарышты дамып келе жатқан білім ордаларының бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Бұл университет Үкіметтің арнайы шешімінің негізінде индустрияландыру саласына қажетті мамандар дайындау ісіне қатыстырылады. Осы мақсатқа лайықталып отырған еліміздегі базалық 10 жоғары оқу орнының арасында да университет бәсі биік тұр. Университет «Құрылыс материалдары, олардың бұйымдары мен құрылымдары өндірісіне» және «Ғарыштық техника мен технологиялар» секілді басымдық беріліп отырған мамандықтар бойынша кадрлар әзірлейтін болады.
Қазіргі күні аталған мамандықтар бойынша білім беруге рұқсат беретін лицензиялар алынды. Бұл екі мамандықтың таңдап алынуының өзі бекер емес. Қазіргі күні Астанада құрылыс саласы жылдан-жылға қарқын алып, дамып келеді. Осының нәтижесінде құрылыс индустриясы зауыттарының өнеркәсіптік кластері қалыптасты. Енді оларға білікті мамандар қажет.
Сондай-ақ, еліміздің ғарыш саласы да қарқынды даму үстінде. Бұл саладағы нақты практикалық жұмыстарды жүзеге асыратын «Қазақстан ғарыш сапарлары» ұлттық компаниясы жұмыс істеуде. Бұл компанияда отандық білікті кадрлармен қамтамасыз ету бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Әсет Исекешев елімізде жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру бағдарламасының барысы жайында баяндап, атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген болатын. Осы ретте Елбасы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыру бойынша министрлікке бірқатар міндеттер жүктеді. Міне, бұл тапсырмалар қалай жүзеге асырылуда, нақты қандай шаралар қолға алынды? Кешегі баспасөз мәслихатында Әсет Исекешев осы мәселелер жөнінде айтып берді. «Өткен жылы мұнай бағасының төмендеуiне қарамастан өнеркәсiп өндiрiсi оң динамиканы сақтап қалды.
Индустрияландыру саясаты жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр. Дегенмен, көршi елдердегi күрделi жағдайдың бiздiң экономикамызға да әсерi бар. Оперативтi штаб құрылған. Кәсiпкерлер палатасымен бiрлесiп өңдеу өнеркәсiбiнiң барлық салалары бойынша талдау және мониторинг жүргiзiлдi. Кәсiпкерлердi қолдау жоспары қабылданды», дедi Ә.Исекешев. Министр атап өткендей, жеңiл өнеркәсiп, құрылыс индустриясы, химия және фармацевтика, металлургия салаларында өндiрiс көлемiн өткен жылғы деңгейде сақтау жоспарланып отыр. Бiрақ кейбiр тауарлар бойынша өсiм төмендеуi мүмкiн.
«Қаңтарда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Үкiмет мүшелерiн өңiрлерге жiберген болатын. Мақсат – аймақтардағы бизнес өкiлдерiмен кездесiп, жоспарларын талқылап, қолдау көрсету.
Сапарлардың қорытындысы бойынша кәсiпорындардың елуден астам проблемалық мәселелері Үкiметте қаралды. Қазiргi басты мiндет – кәсiпорындардың қуатын қажеттi деңгейде ұстау және жұмыс орындарын сақтау.
Сондықтан облыстарға барғанда 1,5 трлн. теңгеден астам сомаға жергiлiктi қамтуды ұлғайту және жұмыс орындарын сақтау бойынша 440 меморандум, шарттарға қол қойылған», дедi Ә.Исекешев. Осылайша, шұғыл мәселелердi шешумен қатар, индустрияландырудың жүйелi мәселелерi бойынша жұмыс жалғасады. Министр сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа экспорттық саясат әзiрленгенін атап өтті.
Оның айтуынша, бағдарламада экспортты жаңа нарықтарға, атап айтқанда, Орталық Азия, Кавказ және Иранға бағыттау мәселесi қарастырылған. «Бiз бұл елдерге экспорттаудың жаңа тетiктерiн әзiрледiк. Үкiмет бiздiң экспорттаушыларды қолдау үшiн 35 млрд. теңге бөлу шешiмiн қабылдады. Алғашқы келiссөздер көрсетiп отырғандай, бұл елдерде қаржыландыру үшiн экспорттың әлеуеттi көлемi 160 млрд. теңге.
Ендi бiздiң алдымызда мұны экспорттық келiсiмдерге айналдыру мiндетi тұр», дедi Ә.Исекешев. Сонымен қатар, қазақстандық тауарды өткiзу үшiн арнайы сауда миссиялары құрылады. «Ақпан-наурызда Түрiкменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолияға сапармен барамыз. Сондай-ақ, бiздiң экспорттаушыларды қолдау үшiн биыл Новосiбiр мен Теһранда өкiлдiктер – инвестициялар бойынша агенттiктер құрылады», деді министр. Яғни, биылғы жылы инвесторлармен келiссөздер жалғасатыны, олар индустрияландыру бағдарламасының екiншi бесжылдығына қатысуға ниеттенiп отырғандығын жеткізді. «Олардың саны 100-ге жуық, бұл компаниялардың инвестиция көлемi 40 млрд. доллардан асады», дедi Ә.Исекешев.
Компаниялардың 60-сы қазiрде индустрияландыру картасына енгiзiлген, 10 шетелдiк инвестормен жаңа заң бойынша инвестициялық келiсiм жасау жоспарланған. «Айта кетейiн, бұл инвестор-компаниялардың 42-сi Еуропадан, 44-i Оңтүстiк-Шығыс Азиядан, 5-еуi АҚШ-тан, 7 компания араб елдерiнен және т.б.», деді министр. Министр сондай-ақ, Үкiмет автоөнеркәсiптi сақтап қалуға мүмкiндiк беретiн iс-шаралар кешенiн қабылдағанын мәлімдеді. «Автоөнеркәсiп саласы зардап шегiп отыр. Өйткенi, екi айда Ресейден 50 мың көлiк жеткiзiлдi.
Қазiр бiзде арнайы жұмыс тобы жұмыс жасап жатыр. Бiз Үкiметте iс-шаралар кешенiн қабылдадық, бұл жоспар автоөнеркәсiпте құлдырау болса, оны сақтап, әрi қарай дамытуға мүмкiндiк бередi», дедi Ә.Исекешев. 2015 жылы индустрияландыру картасы аясында 600 млрд. теңгелік 70-ке тарта жобаны iске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде жетi мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, биылғы жылы 100-ге жуық жобаны жүзеге асыру жалғасады, олар 2018 жылға дейiн iске қосылады. «Биылғы жылы индустрияландыру картасының барлық жобаларының құрылыс алаңдарындағы жұмыстарға 45 мыңға жуық адам тартылады», дейдi министр.