$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда 7 жасар оқушы көпшілікті таң қалдырды

Петропавл қаласының 1-сынып оқушысы күрделі математикалық есептердің барлығын оп-оңай шеше алады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Батырхан Сағындықов миллион, миллиардтарды ойша алып-қосып, сағаттарды секундқа айналдырады. Логикалық тапсырмалардың да жауабын жазбай айтады. Батырхан Сағындықовтың есеп-қисапқа деген қабілеті осыдан басталған.

Сағатты секундқа айналдырып жүрген бала кейіннен күрделі сандардың да шешімін табады. 7 жасар бала осындай есептерді ойша шешеді. Көбейту-бөлу амалдарын білмесе де, долларды теңгеге аударады. Жауабын да көп күттірмеді.

Бір қызығы, Батырхан берілген тапсырманың шешілу жолын түсіндіре алмады. Ата-анасының айтуынша, бала өзімен өзі санай бастаған. Тіпті 4-сыныптың есептерін шемішкеше шағады.

«Осындай есептерді бір минут болмай шешеді. Жауабын дұрыс тапса да, қалай шығарғанын білмейді. Кейде айтады. Бірақ мен түсінбеймін», – дейді  Батырханның анасы Динара Сағандықова.

Батырхан биыл бірінші сыныпқа барды. Баланың математикаға деген ынтасы зор. Сондықтан ата-анасы оны лицейге берді.

«Бастапқы бағдарлама бойынша 10-ға дейінгі сандарды үйреніп жатырмыз. Балалар қосу-алу амалдарымен танысты. Әркімнің қабілеті әртүрлі», – дейді  бастауыш сынып мұғалімі Ирина Гришкова.

Кішкентай математик есеп шығарып қана қоймай, ән айтып, гимнастикамен шұғылданады. Ал арманы – актер болу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары