$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте 403 оқушы «Алтын белгіден» үміткер

Шымкентте биылғы оқу жылында 403 оқушы «Алтын белгіден» үміткер. Бұл — былтырғымен салыстырғанда — 79-ға артық. Маңызды ақпаратты Шымкен қалалық білім басқармасының басшылығы мәлімдеді.

Үздік оқушылар бойынша шаһарымыздағы №2 Дарын мектебі көш бастап тұр. Білім ұясында 24 оқушы «Алтын белгіден» үміткер. Екінші орынға №65 мектеп-гимназиясы іліккен. Мұнда әзірге 17 шәкірт үздіктер тізімінен табылып отыр. Ал үштікті М.Х.Дулати атындағы №8 гимназия қорытындылады. Бұл білім ошағында 13 оқушы төсіне «Алтын белгі» тағуға талпыныс білдірген. Айта кетейік, барлық үміткерлер өздерінің білімін растау үшін 27-мамыр мен 6-маусым аралығында арнайы емтихан тапсырады.

Айгүл Текебаева, Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Емтиханды қазақ тілі немесе орыс тілінен, әдебиеттен, математикадан және таңдау пәні бойынша тапсырады. «Алтын белгіге» үміткер балалардың білімін анықтау мақсатында барлық білім мекемелерінде комиссиялық топ құрылады. Оның құрамынан міндетті түрде мектептің қамқорлық кеңесінің мүшелері, ата-аналар қауымының өкілдері, сондай-ақ мектептің ұстаздары табылады».

Айта өтетін ақпарат, бүгінде Шымкентте 149 білім ұясы бар. Биыл 11-сыныпты 8080 оқушы тәмамдағалы отыр. Оның ішінде 5463-і алдағы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Ал бұл мемлекеттік сынақ 20-маусым мен 5-шілде аралығында өтіп, түлектердің білімін таразылайтын болады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары