$ 443.35  475.54  4.82

Шымкентте қаламгерлердің кітаптары таныстырылды

Шымкент қаласындағы «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген Оңтүстік қаламгерлері кітаптарының таныстырылымы өтті.

Көпшілікке ақын, журналист, аудармашы, К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалыұлының «Жаз-жалбыз» кітабы, жазушы, аудармашы, ғалым, ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұрғали Қадырбаевтың «Шығыстың Сұлтанбегі» кітабы, ақын, әдебиет зерттеушісі, сыншы халықаралық «Нәзір қоры» сыйлығының лауреаты Сәрсен Бек Сахабаттың «Қырғауыл қонған жидетал» кітаптары таныстырылды.

Оңтүстік өңірінің жазушылары және он томдық кітаптың шығу тарихы туралы жазушы, журналист, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт әңгімеледі.

ОҚМПУ филология факультетінің студенттері Х.Сайлау, Г.Сұлтанмұратова, Б.Уәлихан, Е.Пердебай, Б.Мақашов сынды студенттер қаламгерлердің кітаптарынан үзінділерді жатқа оқыды. Жиында кәсіпкер Тұйғынбек Әлжігіт руханият, әдебиет әлемінің тәрбиелік мәні жөнінде пікірін білдіріп, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зылиха Жантасова ақындар әлемі жөнінде ой қозғады, ақын Сәрсен Бек Сахабаттың соңғы жазған өлеңдерін оқыды.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары