$ 447.4  477.55  4.76

Шетелдегі қазақтардың елімізде оқуы үшін білім гранттары ұсынылды

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.
Фото: Атырау газеті
Фото: Атырау газеті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады, деп жазады bolashak.gov.kz. 

Грант саны:
1 Бакалавриат – 25
2 Магистратура – 125
3 PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.

Үміткерлер құжаттарды 2019 жылдың 15 мамырынан 19 шілдесіне дейін тапсыра алады.

Құжаттарды тапсыру Оператордың порталында келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады: https://enic-kazakhstan.kz/fellowship_programme/universities

Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек екенін ескеруін сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына төмендегі байланыстар арқылы хабарласуға болады.
Тел.: +7 (7172) 28 75 26
E-mail: admission@n-k.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары